Прокурор Сейітқазы Матаевтан төлемеген салықты өндіріп алуды сұрады

41 просмотров

Мемлекеттік айыптау өкілі Ержан Құрақбаев Сейітқазы Матаевтан төлемеген салықты өндіріп алу туралы талап-арызды оқып берді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Сотқа дейінгі тергеу кезінде Матаевтың 2011 және 2015 жылдар аралығында 100.00, 200.00 және 101.04 үлгідегі салық декларацияларын ұсынбау жолымен аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны анықталды», — деді прокурор Ержан Құрақбаев.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Сейітқазы Матаев 2011 жылы 56 млн теңгеден астам салық төлемей, мемлекетке шығын келтірген.

2012 жылы Матаев салық органдарына тиісті декларацияларды ұсынбай, 54 млн теңге салық төлемеген. 2013 жылы – 49 млн теңге, 2014 жылы – 52,5 млн теңге және 2015 жылы – 4,6 млн теңге.

Бұған қоса, Матаев Ұлттық баспасөз клубының есепшотына түскен ақшадан жеке тұлғалардың карталық есепшоттарына 50 600 100 теңге, ал заңды тұлғалардың есепшоттарына демеушілік көмек түрінде 5 858 800 теңге аударған.

«Осылайша, Матаев 2011 мен 2015 жылдар аралығында декларация ұсынбау және салық салынатын нысандарды жасыру жолымен бюджетке 216 952 683 теңге мөлшерінде салық төлеуден жалтарды», — деп түйіндеді Е.Құрақбаев.

14641537234jus3

Загрузка...