Порошенко Назарбаевтан қандай көмек сұрады?

32 просмотров

Елбасы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Украина президенті мемлекет басшысын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Украинаның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысын биыл өткізуге уағдаласты.

Порошенко Қазақстан президентін Украинаға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мемлекет басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал туралы пікір алмасты. Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа дағдарысты шешу ісіндегі арағайындық қызметін жалғастыра беру жөніндегі өтінішін жеткізді.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашылық етті.

Загрузка...