Павлодар облысының тұрғыны сібір жарасынан көз жұмды

56 просмотров

Бүгін Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында Ұзынсу ауылының 51 жастағы тұрғыны сібір жарасынан көз жұмды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Медицина мекемесі өкілдерінің айтуынша, ер адам таңғы сағат 06.00 шамасында қайтыс болған. Қазіргі таңда дәрігерлер науқас жатқан бөлмені тазартып жатыр. Марқұмның денесі паталогоанатом бөліміне, содан кейін мәйітханаға жіберіледі. Қазір ауруханада жатқан екі адамның денсаулығы қалыпты деп бағаланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қайтыс болған ер адам сібір жарасы белгілерімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 8 шілде күні түскен болатын. Бұдан кейін аталған індетті тағы екі адам жұқтырғаны анықталды.

Айта кетейік, бүгінде Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр. 12 шілде күні төтенше жағдай режимі енгізілді.

Загрузка...