Пәндерді қысқартуға білім саласы әлі дайын емес – ұcтаздар пікірі

48 просмотров

Мектеп бағдарламасына енгелі отырған реформалар аясындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің пәндер санын қысқарту бастамасына қатысты Астана телеарнасына ұстаздар пікір білдірді. 

 

123

Ұстаздардың пайымынша, бір пәнді екінші пәнге қоспас бұрын, әмбебап мұғалім дайындап алу керек. Ал қазақ тілі мен әдебиетті, тарих пен географияны біріктіру ұсынысы мүлде қисынға келмейді, — дейді олар.

Гүлмира Сағатқызы, тарих пәнінің мұғалімі:

— Кез-келген мұғалім тарих пен географияны өз деңгейінде қатар алып кете алады деп ойламаймын.

Себебі біз оқыған кезде тек тарих мұғалімі ретінде дайындалып шықтық, ал география пәнінің мұғалімі география пәнін ғана меңгеруге дайын болып шыққан. Онда мамандарды қайта дайындауға тура келеді.

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері:

— Қазір білікті де білімді деген, техниканы меңгермесе де сабағын баланың ойына керемет құйып беретін мұғалімдерден айырылып қалуға қорқамыз.

Тіпті, жастары ұлғайып қалғандарды жібергіміз келмейді. Ал келіп жатқан жас мұғалімдердің ішінде ілеуде біреуінің жібі дұрыс. Жалпы, «мұғалім болайын, үйренейін, балаға жақын, ойымдағыны толық қондырайын» дегендері аз болып кетті.

Загрузка...