Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Пәле полигоннан келмесін. Жерді жалға берудің ең қауіпті түрі қандай?

332

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінге дейін Қазақстан тарапы полигондарға жалға берген 11 млн гектар жер үшін Ресейден жылына 24 млн доллардай алып келген. Қазақстан жалға берілетін жер ақысының көлемін ұлғайту мәселесін көтерген, бірақ бұл қолданыстағы келісімнің мерзімі аяқталатын 2019 жылы ғана мүмкін болады.

Ресей неге ақшалай емес, басқалай төлейді?

Алайда Ресей тарапы полигонды жалдағаны үшін ақшалай өтемақымен қатар, ескі-құсқы техникасын да өтемақы түрінде тықпалауын тоқтатар емес. Оралдық заңгер Абзал Құспанның айтуынша, бұл жердегі мәселе тек жердің ақысында ғана емес, әлдеқайда тереңде.

8C88F3C9-2227-4BE0-920D-20B3AD84756C_mw1024_s_n

Абзал Құспан

– Өз аумағын өзге елге әскери сынақтар үшін беріп қою – елдің тәуелсіздігіне күмән, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жәйттер. Бірақ мұны заңсыз дей алмаймыз, екі ел арасында белгілі бір деңгейде келісім-шарттар бар. Белгілі бір сомаға жалға беруге келісілген. Алайда, жалға алушы тарап сол ақыны қаншалықты төлеп отыр, мәселе сонда. Осы мәселемен айналысқан тұста Ресей тарапының Қазақстанға айналымнан шығып, жарамсыз болып қалған әскери техникасы, қару-жарағын сол ақыға айырбас ретінде беріп келгенін дәлелдейтін жайттарға куә болдық. Төлем ретіндегі тағы бір айырбас – сол полигон аумағында тұратын жергілікті халық өкілдерінен Ресейдің әскери оқу орындарында маман даярлап беру болып отыр. Өтемақының бұл екі түрі де Қазақстан үшін өте тиімсіз, тіпті, қауіпті. Себебі, ресейлік қару – алда-жалда солтүстіктегі көршімен ортада жанжал туа қалса, жарамды болуы неғайбыл. Ал, ресейлік әскери оқу орнында оқып, солардың идеологиясымен даярланған әскери маман – ҚР Қарулы күштерінің сенімді офицері болады дегенге сену қиын. Сондықтан, мүмкін болса, бұл полигондардың мемлекеттік қауіпсіздікке, жергілікті экологияға келітіретін зардабын ескере отырып, жабу қажет. Ал, оған дейін өтемақыны нақты ақшамен есептесуді талап ету керек, – деген пікірде Абзар Құспан.

Біздің де айтпағымыз, әлемдік аренада беделі әлсіреп, қуаты қайтқан Ресейдің осы шағын пайдаланып, жалпы аумағымыздың 4,04 пайызын құрайтын әскери сынақ алаңдары үшін неге ақырып ақы сұрамасқа, немесе ол жерлерді неге кері қайтарып алмасқа?

CR3F4298

Қазақстанда Ресейдің қандай полигондары бар?

  1. Ақтөбе облысы аумағында орналасқан Ембі полигоны. Ресей әуе қорғанысы зымырандарын сынауға қолданылады. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының аумағында орналасқан. Орталығы Жем қаласы.
  2. Қызылорда облысының аумағында орналасқан Байқоңыр мемлекеттік сынақ полигоны. Бұл жер әлемдегі ең ірі ғарыш айлақтарының бірі ретінде таныс.
  3. Ресейдің Астрахан облысының аумағы мен Қазақстанның Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағынан орын тепкен Капустин Яр полигоны. Қазақстандағы негізгі аумағы Батыс Қазақстан облысына тиесілі өте көне полигондардың бірі. Биыл жұмыс жасап тұрғанына 70 жыл болады. Полигон Ресейде зымыран-ғарыштық саланың дамуымен бірге дүниге келген. Капустин Яр полигонынан Кеңестер одағында бірінші А-4 баллистикалық зымыраны, бірінші отандық Р-1 зымыраны ұшырылған. Бұл полигонда көптеген әскери баллистикалық, әуе қорғанысына қарсы жүйенің зымырандары ұшырылған. Бүгінде бұл сынақтар толассыз жалғасуда.
  4. Чкалов атындағы полигон. Бұл полигон Астрахан облысындағы Ахтубинск қаласында орналасқан. Алайда оның көптеген объектілері және әскери алаңы – Қазақстанда. Арнайы келісім бойынша, әскери алаңдар – Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарында. Объектілері – алты елді мекенде, Атырау, Ақтау және Жем қалаларында.
  5. Орталық Қазақстан аумағындағы Сарышаған полигоны (РФ Қорғаныс министрлігінің 10-шы мемлекеттік сынақ полигоны) – Жезқазған, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында орналасқан. Ол қаруларды сынақтан өткізу мен зымыранға қарсы әскери техниканы және ұшаққа қарсы қорғанысты сынау мақсатында құрылған. Полигон Приозерск қаласымен тығыз байланыста. Бұл қалада Ресей әскери құрамының арнайы бөлімі және оның кейбір объектілері орналасқан.
  6. «Терра» және «Омега» бағдарламаларымен жұмыс жасайтын, лазерлік қаруды сынауға бағытталған сол Сарышағандағы Приозерск полигоны.
  7. Ашулук полигоны – Астрахан облысының Ашулук темір жол бекетінен Шығысқа қарай Қазақстанның шекарасына жақын орын тепкен. Зениттік-ракеталық қаруларды сынауға, сол қару түрін пайдалана отырып, әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бағытталған.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз