Отандық телеарналар шұғыл түрде эфирге шықты

221 просмотров

Алматыдағы қарулы қақтығысқа байланысты еліміздің телеарналары мен радиоарналар жедел түрде эфирге шықты. 

Мұны Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Арсен Бектасов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Достар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телеарналардың жедел эфирге қосылуы бойынша жұмыс жүргізіп, қазір ғана 24.kz және КТК телеарналары эфирге шықты. Сонымен бірге радиоарналар да іске кірісті» — деп жазды ресми өкіл.

Загрузка...