Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Осы күзде Мәсімовтің үкіметінен құтыламыз ба?

демалыстан оралған мәжіліс үкіметке жаман көзбен қарайды, деген болжам бар,

 — дейді саясаттанушы. — Әдетте, депутаттар өз аймақтарын аралап, шартты түрдегі сайлаушыларымен кездескеннен кейін жақсы көңіл-күйде болмайды. Бұған өткен маусымның соңында парламент басшылығына белсенді де қатқыл мінезді Нұрлан Нығматулинның келгенін де қосуға болады.

parlament-e1471235406392

Сурет el.kz сайтынан алынды

— Қандай “күтпеген оқиғалар” орын алуы мүмкін?

— Жалпы, дағдарыста жүрген елдің саяси болашағын болжау қиын. Бізде бәрі бей-берекет — бастамалардың басым көпшілігі мағынасыз, не елдегі және экономикадағы нақты жағдайға сай емес.

Дегенмен, қалыптасқан дәстүр бойынша біз әр күз сайын үкіметтің ауысуын күтеміз.

karim_masimov-1-300x300

Кәрім Мәсімов

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да қазан айында премьерлер ауысқан. Қазанда Қараманов, Терещенко, Қажыгелдин, Балғымбаев қызметімен қош айтысты. Қазір де Мәсімовтің кетуін күтетін факторлар күшейіп келеді.

Ел арасында “үкіметте елеулі кадрлық ауыс-түйіс болады екен” деген сыбыс тараған. Саяси тартыс басталып кетті десек те болады, кейбір жоғары лауазымды тұлғаларды көпе-көрінеу қаралау белең ала бастады.

Бастысы бұл емес. Бәріне себеп – экономикалық дағдарыс. Жағдайдың ушығып бара жатқаны көзге ұрып тұр. Экономикадағы сәтсіздіктер, инфляция мен бағам ауытқулары қоғамдағы наразылықты әбден ушықтырды. Ал экономиканың өсуіне ешқандай алғышарттар жоқ. Жақын арада тағы біраз заңнамалық өзгерістер күшіне енеді, бірақ олар да сарапшыларды қуантып отырған жоқ. Әзірге бұл түзетулер күшіне енген жоқ, көпшілік жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсінбей отыр, бірақ жақын арада азаматтар да, компаниялар да оны өз қалтасынан байқайтын болады.

Ұлттық банктің айырбас бағамы мәселесіндегі шарасыздығы ахуалды одан әрі ушықтыра түсуде.

Жақын арада үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген сценарийді көріп қалуымыз да әбден мүмкін.

Үкіметтің кетуі қоғамдағы наразылықты басады

— Егер бұрынғы тұлғалар қайтып келетін болса, мейлі, басқа лауазымға болса да, үкіметтегі ротация не береді?

— Бұл үкіметтің кетуі аз да болса, қоғамдағы наразылықты басады. Наразылықтардың басталғанын күткенше, үкіметті ертерек таратқан жөн. Бірақ мұның бәрі шынайы өмірде қалай жүзеге асырылатыны және немен тынары мүлдем түсініксіз. Оның үстіне, көптеген шаралар бізде “болары болып, бояуы сіңгеннен кейін” жүзеге асырылады. Естеріңізде болса, Жаңаөзен дүмпуінен кейін моноқалалар бағдарламасын жасау қолға алынған, бірақ қазір ол туралы ешнәрсе естілмейді.

— Парламенттің күзгі мақсаты түсінікті, ал үкімет не істейді екен, әлде “болғанынан боладысы қызық” деп, ауыс-түйістер туралы сыбыстарды талқылап отыра бере ме?

— Бюджеттің үнемі қысқарып жатқанын ескерген үкімет негізгі назарын қаржыны тиімсіз және бақылаусыз жұмсап жатқан мемлекеттік секторға ауыстырады.

Үкімет ұлттық компаниялардың қызметіне бақылау жасауды күшейтуге талпынатын болады. Кейбір топ-менеджерлер отставкаға кетуі мүмкін. Бірақ мұның барлығы жәй әншейін, болжам ғана…

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз