Орыстар да ұсталып жатыр. Ресейлік ауыр атлет Лондон Олимпиадасының медалінен айырылды

3 просмотров
 Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2012 жылғы Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері ресейлік ауыр атлет Апти Аухадовты сынамасынан допинг табылған соң медалінен айырды. 23 жастағы спортшы 85 килограмм салмақта күміс жүлде алған еді. Қоланы ирандық атлет Киануш Ростами алған. Аухадовтың күміс жүлдесі енді Ростамиге берілуі мүмкін.

ХОК мәліметінше, Аухадовтан алынған сынамадан туринабол мен дростанолон стероидтары табылған. Лондонда ұзындыққа секіруден 18-орын алған украиналық Максим Мазурюктен де туринабол табылған.

Биыл ресейлік жеңіл атлеттердің көпшілігі жаппай допинг қолданғаны анықталған соң Рио Олимпиадасына қатысудан шеттетілген. 2008 және 2012 жылдардағы жарыстар кезінде алған допинг сынамаларын қайта тексеру басталғалы бері 98 атлеттің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Біраз спортшы жүлделерінен айырылды.

798ed5f6-a1b8-449a-8d87-1db81d09c38e_w987_r1_s

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...