Обама: «Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы тұтас Еуропаға қауіп төнгізіп отыр»

250 просмотров

АҚШ президенті Барак Обама НАТО саяси жігер танытып, шақыруларға жауап қайтаруды міндеттемелеріне алу керек деп мәлімдеді.

Атап айтқанда, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы, Ресей, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына байланысты қауіп-қатерлер және босқындардың Еуропаға жаппай ағылуына қатысты болып жатқан шиеленістерге қатысты. Варшавада НАТО саммиті басталардан бірнеше сағат бұрын Financial Times газетінде жарияланған мақалада Обама, «бұл трансатлантикалық альянс үшін қырғи-қабақ соғыстың аяқталуынан бергі ең маңызды, жауапты сәт болмақ», -деп жазды.

НАТО Ресейдің тежелуіне белгі жібереді және ИМ-ге қарсы күресте Батыстың бір екенін жариялайды, мигранттардың Еуропаға ағылуына байланысты, Brexit (Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы) қорытындысы бойынша және Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының белсенді бола бастауына нақты шешімдер қабылдайды деп күтіледі.

Негізгі назар Батыстың ашуын туғызып отырған жағдай — Қырымды аннексиялап, 9 мың 300-дей адамның өліміне әкелген Украинаның шығысындағы жанжалды өршітіп отырған Ресей мәселесінде болмақ.

«Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы біздің Еуропаны тұтас, еркін әрі бейбіт елдер ретінде көруімізге қауіп төндіреді», — деді Обама.

Варшавадағы НАТО саммитіне Барак Обама президент ретінде соңғы рет қатысып отыр, оның президенттік мерзімі қаңтар айында аяқталады.

Загрузка...