Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Оңтүстікте ұстаз оқушының басын партаға ұрғылап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарған

Оқиға 21 сәуір күні Рашидов атындағы №64 мектепте, өзбек тілі сабағы барысында болған. 5-сыныпқа көшкен ұлдың әкесінің айтуынша, не мектеп әкімшілігі, не құзіретті органдар ешбір шара қолданбаған.

Шерали Зундинов әділдік іздеп «Нұр Отан» партиясының облыстық штабына барды. Оның сөзіне қарағанда, педагог балаға әлдебір қиын грамматиканы үйреткісі келген болуы керек, басын партаға ұра берген. Осындай «ғылымнан» кейін бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Ата-ана дереу полиция мен аудандық білім бөліміне арыз жазған. Алайда, тергеуші Талғат Дәулетбақов уақытты созып жүр, ал аудандық білім бөлімі әкесінің арызына мән беріп те қарамаған.

Баланың құқығы үшін прокурор Еркен Ағабеков күресуде. «Нұр Отан» қоғамдық қабылдау жетекшісі Берік Құлжанов ата-анаға тағы бір арыз жазуға кеңес беріп, шара қолданатындарын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз