«Оңайдан» қайыр болмады: автобустар қайтадан қолма-қол төлемге көшті

27 просмотров

Үлкен айғаймен енгізілген «Оңай» электронды төлем жүйесінен соңғы уақытта түсім азайып, ақша төлемейтіндер көбейген. 

«Сондықтан, бүгінннен бастап «Оңай» картасымен қатар, жолақыны жүргізушіге де төлеуге болады», – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қолма-қол төлем аппараты әзірге мына су жаңа 35 автобусқа орнатылған. Осы құрылғыдан жолаушыларға чек беріліп отырады. Тасымалдаушылардың айтуынша, бұны енгізудің бірнеше себебі бар.

Мәселен, жолаушының электронды картасында ақшасы таусылса, ол төлем жасамай кете береді екен. Сондай-ақ, электронды картасын үйінде ұмыт қалдыратындар да көбейген.

Ал оларға айыппұл салу – заңда қарастырылмаған.

Сол себепті,

қала басшылығы мен компания тарапы электронды төлем жүйесінен бөлек, жолақы төлемінің баламалы түрі болу керек деген шешімге келіпті.

Бауыржан Құлышев, «Green Bus Company» ЖШС Алматы қаласы филиалының директоры :

-Жолаушыларымыздың 40 пайызы төлем жасамай кетеді. Сондықтан осы аппараттарды қойып отырмыз. Әрбір төлем сайын жүргізуші түбіртек беріп отырады. Енді электронды картаны ұмытып кеттім, ішіне ақша салынбай қалыпты деген сылтау болмайды. Әркім қалай төлеймін десе де өз еркі.

Загрузка...