Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда жетімдердің несібесін де «жейтіндер» бар

166

Жетім балаларға арналған мекемелерді тексеру барысында Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері онда тәрбиеленіп жатқан бүлдірішіндерді тамақтандырудағы елеулі кемшіліктерді анықтады.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында сәбилер, кем дегенде, бір тағңғы тамақтандырудан қағылған.
«Атап айтқанда,

бейне бақылау тіркеуішіндегі жазбаларды қарау кезінде медбике Р. Сүлейманованың 2016 жылғы 2-тамызда бір жасқа толмаған 7 бүлдіршінге таңғы тамақ бермегені анықталды,

яғни, кесте бойынша, алғашқы тамақтандыру таңғы сағат 06.00-де болса, екіншісі — в 09.00-де болу керек. Алайда, бейне жазбаға сәйкес, алғашқы тамақтандыру таңғы сағат 08.30-да орын алған, сөйтіп, бір тамақтандыру жүргізілмеген», — делінген прокуратураның тексеру нәтижелері бойынша жасаған есебінде.

Балалардың құрғақ қоспаларынан үнемдеуден бөлек, осы сәбилер үйінің медбикелері мен санитарлары түнгі уақытта бүлдіршіндерді жалғыз қалдырған.

Шелек сәбилер үйіндегі

дайын тағамдарды тексеру олардың салмағы есептен шығарылатын азық-түлік салмағынан әлдеқайда төмен екенін көрсетті, яғни барлық бүлдіршіндер тойып тамақ ішпеген

Асхана қызметкерлері оларға беретін асты көз мөлшерімен құйып отырған.

Жуынды ма, тамақ па?

«Мәселен, сүзбеден жасалған тағам салмағы 3 есе төмен болған, яғни, белгіленген норма бойынша ол 90 граммға тең болса, бүлдіршіндерге берілгені 20,17 грамм болған, бұқтырылған қырыққабат 2 есе аз салынған, салмақ 100 грамм болу керек болса, бүлдіршіндерге салынғаны 36,75 грамм болған, тефтельдегі тартылған ет салмағы 2 еседен астам аз салынған, 52 граммның орнына бар-жоғы 21,84 грам берілген, барлық тағамдардағы ет мөлшері 2 еседен астам аз болған.

Тамақтандырудағы осыған ұқсас кемшіліктер келесі мекемелерде анықталған:

  • «Аяла» мекемесі Талғар қаласы,
  • «Айналайын» балалар үйі Талдықорған қаласы,
  • дом ребенка г. Талдыкорган
  • «Қамқор» мамандадырылған мекемесі Талдықорған қаласы.

Ең сорақысы, Шелек ауылындағы сәбилер үйінде бүлдіршіндерге арналған азық-түлік тамақ қалдықтарымен бірге сақталған.

Зертханалық тексеріс нәтижелері піскен етті кесуге арналған пышақта ішек инфекциясының болғанын көрсетті.
Ал 2016 жылғы сәуірде жеке фирма сәбилер үйіне вьетнамдық пангасиус балығының сүбесін жеткізген. Бұл балықтың улы екеніне қарамастан, онымен Талдықорғандағы сәбилер үйінің бұлдіршіндерін де тамақтандырған. Мәселен, бұл балықты жеткізуге уақытша тыйым салынған.

Прокурорлар ветеринарлық және санитарлық сараптамадан өтпеген балықты жетім балалар тұратын денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің барлығынан тапқан.

Дереккөзі: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз