Назарбаев Польшаға Ресеймен бірлесіп көлік келісіміне отыруын ұсынды

32 просмотров

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Варшавада қазақ-поляк бизнес форумы кезінде сөйлеген сөзінде, Қазақстан, Польша және Ресей арасында келісім жасауды ұсынды. Көлік саласына қатысты үш жақты келісім кавказ транзит дәлізін пайдалануды да қарастырады, деп хабарлады «Интерфакс» және ТАСС.

«Экономикалық әріптестік (Польша мен Қазақстан арасындағы) өте күрделі бір мәселе — көлікке барып тіреледі. Қазақстаннан Польшаға дейін, және одан кері қалай қайтуға болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол Польша президенті Анджей Дудаға «тым болмағанда көлік жөнінде үш жақты келісім жасау» үшін бірлесіп Ресейге шығуды ұсынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польшаға екі күндік сапармен барды. Қазақстан мен Польшаның 400-ден астам өкілін жинаған бизнес форумнан соң, ол Варшададан шығып Белградқа барады.

Загрузка...