Назарбаев Оңтүстік Корея мен Жапонияға барады

21 просмотров

Алдағы уақытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония мен Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халықпен кездесуінде мәлім етті.

«Биыл Мемлекет басшысының Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапары жоспарланып отыр. Бұл арада негізгі басымдық біздің әріптестіктің экономикалық қырларына берілетін болады. Сондай-ақ, бізде саяси тақырыпта да әңгімеге арқау болатын дүниелер жетерлік», — дейді Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, биылғы жылы Елбасы көрші Қырғызстанға, Сауд Арабиясы және Иорданияға да ресми сапармен баратыны белгілі болды.

Загрузка...