Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нанға да зар болатын түріміз бар. Билік неге бар бидайды шетелге сатып жатыр?

508

Мәселе тым қарапайым — бізге бидай емес, ұн экспорттаған дұрыс еді. Сонда бидай Қазақстанда қалады, оны тарту үшін жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болар еді. Бірақ қазір біздің шикізат шетел асып, сол жақта жұмыс орындарының пайда болуына, ұн тарту өнеркәсібінің дамуына ықпал етуде. Алайда

ауыл шаруашылығы министрлігіндегі атқамінерлер бұған басын ауыртпайтын сыңайлы.

Десек те көрші-ресейліктер мұны өте жақсы түсініп отыр. Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлин былай дейді: «Бидай сату — біз жүретін жол емес». Ал бізде отандық бидай өңдеушілер ауыл шаруашылығы министрлігінің осындай ұстанымға келуін тек армандап жүр. Расында да алтайлық губернатордың мақсаты — өңделмеген бидайды өңірден тысқары шығармау. Ол әр уақытта кәсіпкерлерді бидайды облыстан тыс жерлерге сатқаны үшін үнемі сөгіп келеді. Губернатор бидайды дайын өнім — ұн, нан, кеспе түрінде сатқан жөн деген ұстанымда.

Біздің ұн тартушылар алтайлық әріптестеріне қызғанышпен қарайды — өйткені өңір әкімшілігі жыл сайын РФ үкіметіне алтайлық ұн тартушылардың өнімін тасымалдау мәселесін жеңілдету (50 пайызға дейін) бойынша ұсыныс жасайды, соның арқасында, алтайлық бидай өңдеушілердің өнімін саудалау аумағы Сахалиннен Брестке дейін созылып жатыр.

Сондықтан да болар,

Алтайдағы диірмендердің жұмысбастылығы 80 пайыздан астам болса, бізде ол 36-38 пайыз шамасында ғана

Алайда біздің ауыл шаруашылығы министрлігі бұған пысқырар емес, олардың ұстанымы мүлдем бөлек. Есептік брифингте ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі бидай экспортының төмендетілмейтінін мәлімдеді. Ал осы кезде еліміздегі нан, ұн және кеспе өнімдерін өндірушілер шикізаттың тапшылығына реніш білдіруде.

Соның салдарынан қазір мынадай масқара болып жатыр — Қазақстанда біраз уақыттан бері 4-ссұрыптағы бидайдан ұн тартылуда,

бидай сапасы төмен болғандықтан одан тартылатын ұн да, пісірілетін нан да сапалы болмайды, әрине.

Биржадағы бидай ойыны

pshenitsa-0-e1465903856624Маусымның 6-12 аралығында биржада бидай сатып алу және сату бойынша сауда болған жоқ. ИА «Казах-Зерно» сайты хабарлағандай, бұл күндері ауыл шаруашылығы өнімдерін сату секциясында 4-сыныптағы 6000 тонна бидайды тоннасын 49 000 теңге сатып алу бойынша тапсырыс болды. Алайда осыдан бір-екі жыл бұрын ішкі нарықта 3-сыныптағы 1 тонна бидайдың бағасы 42 мың теңге болғанда, ұн тартушылар соның өзін өте қымбат санаған болатын. Дегенмен осы бидайды сатып алу бойынша қарсы тапсырыс болған жоқ.

8-маусымнан классикалық сауда әдісімен биржада EXW базисіндегі 3-сыныптағы 80 000 тонна бидай сатылымға шығарылды. Тоннасы 75 мың теңгеге бағаланған бидайды сатушы элеваторға жеткізіп беруді де өз мойнына алыпты. Бірақ бұл жолы да оны сатып алу бойынша қарсы тапсырыс болмапты. Бұдан бір апта бұрын болған сауда туралы мәліметтер де қызығушылық тудырады: 27-мамырдан 3-маусым аралығында жалпы сомасы 196,391 млн теңге болатын 3- және 4-сыныптағы 5 364 тонна бидай сатылған. Оның 300 тоннасы 3-сыныптағы бидай болса, 5064 тоннасы 4-сыныпқа жатады.

Бұл цифрлар еліміздегі бидай жағдайының мәз емес екенін көрсетеді. Алайда бидайды сатуға мүдделі атқамінерлер мүлдем басқа мәліметтер келтіруде. Мүмкін, шетелдіктер министрлікте жасалатын келісімдерді нан түрінде емес, бидай ретінде жасауға әсер етудің өзіндік жолдарын тапқан шығар?

Өнім мол, бірақ аш қалуымыз мүмкін

Мамырдағы статистикалық есеп не көрсетті? Қазақстанда азық-түлікке арналған 4,9 млн тонна бидай бар. Бұл көп. Ол экспорттың жоспарланған қарқынын ескергенде, барлық ішкі сұранысты жабуға мүмкіндік береді.

Нарық мамандары тіпті елімізде қанша бидайдың қалатынын да есептеп шығарыпты. Міне, олардың тұжырымы:

«Жаңа өнімнің бидайына дейін жазғы үш ай бар. Ағымдағы маусымда бидай экспортының орташа айлық көлемі 490 мың тонна деңгейінде. Жаз айларында ол әдетте, аздау болады — шамамен, айына 300 мың тонна. Оған ұнды қосыңыз, тағы жаз айларындағы ай сайынғы 200 мың тонна деңгейіндегі ұн экспорты бар (оны бидайға аударғанды ескергенде). Сонымен — экспорт айына 500 мың тоннаны құрайды, 2000 мың тонна жаңа өнімге дейін. Ішкі тұтыну — айына 400 мың тонна көлемінде, жалпы төрт айға 1600 мың тонна келеді. Барлығы — 3,6 млн тонна. Ал бірінші мамырдағы статистикалық есепке сәйкес, 4,9 млн тонна болған. Яғни, бидай жететін сыңайлы».

Бірақ екінші жағынан, бидайды ұсыну нарығында тыныштық, қозғалыс байқалмайды. Осы орайда, амалсыздан статистикалық есептегі цифрлар шындыққа жанаспайды-ау деген ойға шомасың.

Республикадағы бидай тепе-теңдігі— ешкім түсінбейтін ерекше бір құпия

Бидай қандай болса — нан да сондай

— Нарықта сапалы ұн болмағандықтан, 4-5-сыныптағы бидай сұранысқа ие болып отыр, — дейді бидай саудалаумен айналысатын кәсіпкер Әмірхан Мусин, — Соңғы уақытта тіпті, жем-шөп бағасы да сенімді өсімді көрсетіп отыр.

Сарапшылар нашар ұн сапасын түзету үшін елімізге сол сапаны жақсартатын заттарды көптеп әкелініп жатқанын мойындауда.

Ел халқы сапасы жақсартылған жаман ұннан пісірілген нанды тұтынуға мәжбүр

Атап айтарлығы, оның бағасы шетел валютасының бағамына тепе-тең өсіп отыр, өйткені Қазақстанда оның алдын алу мақсатында ештеңе жасалып жатқан жоқ.

Дегенмен барған сайын жағдай ушыға түскен сыңайлы. Белгілі болғандай, біздің елімізде

№1 өнімнің сапа нормасын бақылау оны өндірушінің құзыретіне толығымен берілген

Яғни, белгіленген стандарттар жоқ. Мемлекетте өз ісіне адалдық танытпайтын кәсіпкерлерді жөнге салуға мүмкіндік беретін тетіктер жоқ. Әлбетте, дағдарыс кезінде өндірушілер әлеуметтік маңызы жоғары өнім бағасының қымбаттамауына жол бермеуге тырысады, бірақ оған қалай қол жеткізеді — бұл олардың ар-ұятының еншісіндегі дүние.

— Иә, бүгінде нан мен тоқашты кімнің және неден пісіріп жатқаны үлкен құпияға айналды, өйткені әр кәсіпорын “тыйым салынбағанның бәріне рұксат берілген” деген қарапайым қағиданы басшылыққа алып отыр, – дейді атын айтқысы келмеген ұн тартушылар. Бірақ осы орайда олар мынаны атап өтті:

абырой болғанда, біздің нан пісірушілер жем-шөпке арналған бидайды пайдалануға бармай отыр әзірше.

Десек те, ұн тартушыларға қарағанда, жауапты

атқамінерлер халық қандай ұннан пісірілген нанды жеп жатыр деген мәселеге басын ауыртып жатқан жоқ. Шикізатты ел ішінде сатқанға қарағанда, шетелге шығару анағұрлым тиімді

Бұған доллар бағамының жоғары болуы да септігін тигізуде. Халықаралық сауда-саттық американдық валютамен жүргізіледі, сондықтан бағам жоғары болған сайын, теңгені де көбірек түсіруге болады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз