Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

24 просмотров

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутат Нұрлан Нығматулин Парламенттiң төменгi палатасының төрағасы болып сайланды.

Жаңа төрағаның жетекшiлiгiмен ертең Мәжiлiстiң жалпы отырысы өтедi, деп хабарлайды BNews.kz.

Кеше Нұрлан Нығматулин ҚР Президентi әкiмшiлiгi жетекшiсi қызметiнен босатылып, оған Мәжiлiс депутаты мандаты берiлген едi. Кейiн Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәжiлiстегi «Нұр Отан» фракциясының отырысында Нығматулиннiң кандидатурасын Мәжiлiс төрағалығына ұсынды.

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутаттар Нұрлан Нығматулиндi Парламенттiң төменгi палатасының төрағасы қызметiне лайық деп тауып, оның кандидатурасын бiрауыздан қолдады. 102 депутат Мәжiлiс спикерiн жасырын дауыс беру арқылы сайлады.

Айта кетейiк, Нығматулин бұған дейiн де Мәжiлiс төрағасы болып қызмет еткен едi. Бұл лауазымды ол 2012 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың сәуiрiне дейiн атқарды.

Әр жылдары Нұрлан Нығматулин ҚР Президентi Әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары және басшысы, Қарағанды облысының әкiмi болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары болды.

Ал 2016 жылдың наурыз айынан Мәжiлiс төрағасы болған Бақтықожа Iзмұхамбетов бұл қызметтен өз еркiмен кететiнiн мәлiмдедi. Ол Мәжiлiс депутаты бола отырып, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгi орталық кеңесiнiң төрағасы қызметiн қоса атқарады

Загрузка...