“Нұр Отан” мүшесі Қазақстанға келіп жатқан қытайларды әшкереледі (видео)

82 просмотров

Сенбі күні Астанада өткен Жер комиссиясының отырысы әдеттегідей батыл мәлімдемелер мен қатаң сын, ескертпелерге толы болды. Ондай мәлімдемелер тек комиссияға тұрақты мүше болған санаулы жер жанашырлары тарапынан ғана емес, жиынға келген былайғы жұрт тарапынан да, билік партиясы өкілдерінің де аузынан шығып жатты.

Бұл туралы “Қамшы” хабарлайды.

Соның бірі өзін “Нұр Отан” мүшесі деп таныстырған Айдын Егеубаев ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шет елдерге жалға беру Отанға опасыздық жасаумен тең екенін айтып, жер үшін наразылық акцияларын өткізген азаматтарға қолдау білдірді. Сөзі бекітілген регламентке сыймай қалған ол жиын өтіп эатқан Ұлттық музей дәлізіне шығып тағы мәлімдеме жасаған.

А. Егеубаев Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында қытайлықтардың 45 пайыздық үлесі бар біріккен компания қызмет бастағанын, оның 8 мың га жерге соя егіп жатқанын, біріккен кәсіпорынға Қазақстан тарапынан 6 млрд теңге, 20 млн доллар шетелдік инвестиция тартылғанын жайып салды.

Оның айтуынша, компанияның 45 пайыз үлесі қытайлық Джан Вейдонг (Zhang Weidong) деген азаматқа тиесілі көрінеді. Мұндай қитұрқылыққа еліміздің заңнамасы тосқауыл қоймайды, шетелдіктер үлесі 49 пайыздан аспайтын компанияларға уылшаруашылық жерлері жалға беріледі.

“Нұр Отандық” өкіл қазір Қытайдан Қазақстанға құрамында 16 адам бар делегация келгенін, олар “Бәтуа” компаниясының еншіле ұйымдарының егіс алқаптарын аралап жүргенін айтады. Тіпті, делегация сапарының кестесіне дейін тауып алған көрінеді.

“Делегация Үржар, Елтай ауылдарында, Қостанай, Павлодар облыстарында, Степногорск қаласында болады екен. Олар онда не үшін жүр?”, – деген А. Егеубаев прокуратура, ҰҚК, “Нұр Отан” басшылығы аталған фактіге назар аударып, тексеріс жүргізуі қажет дейді.

Загрузка...