Маңғыстауда бизнесмендердің 400 млн-нан астам қаржысы үнемделді

19 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнесмендердің пайдасына жалпы сомасы 400 млн астам теңгені құраған  қарыздар төлетіліп, салық органдарының қайта есептеулері болдырылған жоқ.

-РК.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c42012

Осындай мәліметтер жергілікті және орталық мемлекеттік органдар, МЖК аймақтық орталығы, «Даму» қорының филиалы, бизнес-құрылымдар және ҮЕҰ қатысуымен өткен «Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен бірге жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша өзара ықпалдастығы»  атты форумда айтылды.

«Жыл басынан бері, 5 айдың ішінде палатаның сарапшылары кәсіпкерлердің өз құқықтарын қорғау жөніндегі 265 өтінішін қарастырды. Олардың жартысы жер қатынастарына байланысты болып отыр. 104 өтініш шешімін тапты. Шенеуніктердің әкімшілік кедергілер құруына қатысты 25 факті анықталған. Кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнесмендердің пайдасына жалпы сомасы 404 млн астам теңгені құраған  қарыздары төлетіліп, салық органдарының қайта есептеулері болдырылған жоқ», — деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының құқық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары  Әмірғали Жанаев.

Бұдан басқа, кәсіпкерлер сәулет және қала құрылысы, (өтініштердің 15 пайызы), мемлекеттік сатып алулар (10 пайыз) саласындағы мәселелер бойынша шағымданып отырады.

Загрузка...