Мұхаммед Әлидің салған суреттері аукционға қойылады

28 просмотров

Даңқты боксшы Мұхаммед Әлидің салған суреттері 15 маусымда Нью-Йорктегі RoGallery көрмесінде аукционға қойылмақшы.

RoGallery Әлидің 1979 жылы салған бірнеше суретін ұсынады. Кезінде бұл суреттер шектеулі тиражбен басылып шыққан деп жазады lenta.ru.

Өнертанушы Стивен Трэшер:

„Әли өмір сүрген нәсілшілдік әлем одан қаталдық пен батырлықты талап етті. Ал сурет салу Әлиге, керісінше жүрегіндегі нәзік дүниелерді тудырға мүмкіндік берді. Суреттерге қарап отырсаңыз, ол балаша мәз болып, айналасына нұр төккен жұмсақ адам болғанын көре аласыз„ — дейді.

Мұхаммед Әли көп сурет салған. Бірақ атақты боксшы өмірінің бұл тұсы кеңінен насихатталмаған. Оның әкесі — үлкен Кассиус Клей көшені безендіруші болған. Ол АҚШ-тағы нәсілшілдік болмағанда атақты суретші болатынын айтып отырады екен. Әлидің мектептегі сүйікті сабағы да дене шынықтыру мен сурет болған.

Тарихтағы ең даңқты спортшы Әли 74 жасына қараған шағында биыл 3 маусымда көз жұмды.

Загрузка...