Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Мұхамеджан Тазабек: “Сәләфи деген ілгерлілер, бұрынғылар, алдыңғылар деген мағына береді”

387

Алайда, қате түсініктегі жастарға дұрыс жол көрсететін мешіттегі имамдардың күнделікті шаруалардан қолдары босай бермейді екен.

 Осы себепті де Тазабеков: «мешіттердің проблемаларын, қаржы-қаражаттарын шешіп, оларға халық арасындағы діни ағартушылықтармен айналысуға мүмкіндік беруіміз керек», – деген пікір білдіреді.

Сонымен қатар ол бес-он лаңкестің көзін жоюмен терроризм жоғалып кетпейді деген сенімде.  

– Ол кез келген уақытта қайталануы мүмкін. Оның алдын алу керек. Алдын алмасақ, салдарымен күресіп шаршаймыз, – дейді Тазабеков.

Журналистің «Асыл арнаның» басы-қасында жүрген сіздерді әлеуметтік желілерде сәләфи деп жатқандар бар…» деген сұрағына Мұхамеджан Тазабеков былай деп жауап берген екен.

– Шынтуайтында, сәләфи деген ілгерлілер, бұрынғылар, алдыңғылар деген мағына береді. Сахабалар, олардан кейінгі екі буын табиундар және таба табиундар. Осы үш буын ілгерлілер болып есептелінеді.

 Яғни Исламның алтын ғасырында солар сәләфи деп есептелінген. Ал, қазір сәләфи жоқ. Қазір шын мұсылман Алладан түскен Құранмен, Пайғамбарымыздың сүннетімен, әлгі айтқан сахабалардың көрсетіп кеткен бағыт-бағдарымен жүреді. Олар көрсеткен бағыт-бағдар қандай еді?

Олар ғұламалардың жолын ұстануды айтқан еді. Ал ғұламаларымыз кімдер? Олар кеше мәзхабтың жолын қалыптастырып, Исламның кесек қағидаларын жұмсартып, қарапайым адамдар түсінетіндей дәрежеге жеткізген Әбу-Ханифалар. Ғалымдарға сүйенуді, солармен бірге болуды сол кездегі сахаба-сәләфтар да, Пайғамбарымыздың заманындағылар да айтып кеткен.

Оның айтуынша, Тазабековты және оның айналасындағы адамдарды сәлафит айыптайтындар қазақтың қу пенделік көре алмаушылығынан шыққан. Басқа түк те емес.    

– «Асыл арнаның» ашылғанына 9 жыл болды. Біз ашылғалы бері Үкіметтің назарындамыз. Біз сияқты терең тексеріліп, қатты қадағалауда отырған бірде-бір ұйым жоқ.  Сондықтан толық бақылауда, толық тексеруде отырған телеарна болғандықтан бізді кінәлау жөнсіз деп есептеймін.

Біз мемлекеттің саясатына, ҚМДБ ұстанымына және Әбу-Ханифа мәзхабы негіздеріне арқа сүйеп құрылған телеарнамыз. Сондықтан бізді сәләфи деп айту – өте үлкен айыптау, отпен ойнау! – дейді осы ретте Тазабеков.

Ал қазақ қыздарының бетін бүркемелеуіне,  жап-жас жігіттердің күзелмейтін сақал қойып, балақтарын қысқартуына қатысты айтқанда Тазабеков тарихқа үңілуге кеңес береді.

– Тарихымызға қарасақ, қазақ қызы қазіргідегідей жалаңаш жүрмеген. Және оны қара кигізіп, бетін де жаппаған. Сондықта біз осының ортасын табуымыз керек.

Жалпы сақал қою қазақ дәстүрінде жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ сақал сияқты жауапкершілікті алып жүру үшін жүзінен нұры төгілген, ісінен үлгі шашатын жақсы мұсылман болуға тырысу қажет, – дейді «Асыл арна» телеарнасының бас директоры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз