Мәдина Сәдуақасова: күйеуім бөтен ер адамдармен сөйлесуге рұқсат бермейді

715 просмотров

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуінің бөтен ер адамдармен сөйлесуге рұқсат бермейтінін жеткізді.

Бұл туралы ол «Жұлдыздар отбасы» журналының кезекті санында айтты.

Әншінің айтуынша, күйеуі Олжас Смағұлов оның өнеріне түсінушілікпен қарайды. Десек те, Мәдина оның сағат оннан кейін ер адамдармен телефон арқылы сөйлесуіне қарсы екенін де жасырмады.

Естеріңізге салсақ, Мәдинаның күйеуі  — «Хабар» агенттігінің режиссері Олжас Смағұлов. Олжас Мәдинадан 7 жас кіші. Отбасы мен өнерін қатар алып жүрген Мәдина бүгінде ана атанған. Жұп Әнуар есімді ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Дереккөз: nur.kz

Қарапайым қазақтың отбасы.. #МояСемья

A photo posted by Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina) on

Загрузка...