Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетуі мүмкін — сарапшылар

32 просмотров

Банк секторы өкілдері Ұлттық банктың базалық мөлшерлемені 15 пайызға дейін төмендету туралы әрекетіне қатысты пікір білдірді. Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары Ертай Салимов „реттеуші орган екінші жартыжылдықта негізгі индикаторды тағы да төмендетеді„ дейді деп жазады LS.

“Мен Ұлттық банктың базалық мөлшерлемені 15 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешімін оң құбылыс деп білемін. Ұлттық банктың базалық мөлшерлемені төмендететіндігі анық еді, белгіленген мөлшерде біз күткеніміздей болып шықты”, -деп атап өтті Салимов.

“Асыл-Инвесттің” атқарушы директоры Нұрлан Рахымбаев та базалық мөлшерлеме алдағы уақытта азая түсуі мүмкін деген пікірді ұстанады.

“Мұнай бағасы біртіндеп қалпына келе жатыр, девальвациялық және инфляциялық қауіп-қатер де әлсірейді. Экономикада теңге өтімділігі тапшы екендігіне қарамастан ақшаны арзандату реттеуші орган тарапынан жасалған дұрыс қадам. Менің ойымша, Ұлттық банк мұнай бағасы мен америкалық доллар курсын бақылап отырады. Алдағы 3 айда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуге қатысты тағы да әрекет жасауы мүмкін”, -деп есептейді ол.

ВТБ Қазақстан сарапшылары базалық мөлшерлемені 2 пайызға төмендету қаржылай тұрақсыздық қауіптерін белгілі бір деңгейде төмендетеді деген пікірде.
Еске салайық, осыған дейін 5 мамырда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1пайыз дәлізі бойынша 15 пайызға дейін төмендеткен еді.

Загрузка...