Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Үкімет басшысы Алматының азық-түлік белдеуіне енетін кәсіпорынды аралады

133

Сондай-ақ, кәсіпорын дәнді дақылдарды өсірумен айналысады. Агрохолдинг активінде шамамен 3600 гектар егіс жерлері бар, оның 500 гектарда жер асты тамшылап суару жүйесі қолданылады. Премьер-министрге түсімді бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік беретін суарудың озық жүйесі көрсетілді.

Ауылшаруашылығы жерлерін аралау кезінде Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов Кәрім Мәсімовке Алматы маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтып берді. Осылайша, 2016 жылы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында құны 56,2 млрд теңге болатын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Кәрім Мәсімов Қазақстанда агро өнеркәсіп кешендері маңызды әлеуетіне ие, бірақ саланы одан әрі дамыту үшін қазақстандық шаруалар ғылыммен тығыз байланыс орнату қажет екенін айтып өтті.

«Байсерке-Агро» базасында ғылыми кластер құрылғанын айта кеткен жөн. Агрохолдинг Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі зерттеу институты ғалымдарымен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.

Сапар соңында Премьер-Министр асыл тұқымды жылқы өсіретін жылқы зауытын аралады.

Еске сала кетелік, 2008 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматының айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша бағдарлама жасауды тапсырды. Алматы облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің алдында еліміздің ең ірі қаласының тұрғындарын сапалы және балғын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз