Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көр де тұр! Орыс тілін алып тастауға алдымен қазақтардың өзі қарсы шығады

288

Рас айтады. Бұқара билікке сенуден қалған, әлдеқашан. Жолымбет жұрттың көкейіндегі ащы запыранды ақтарып айтқан екен. 

– Егер Қазақстанның саяси жағдайы Ресеймен “келісіп пішетіндей” күйде тұрса да, шенеуніктеріміз әр нәрсені ұлтына барынша пайдалы етіп шешуге тырысуы тиіс еді. Өкінішке орай, бізде бәрі керісінше. Бұл жерде

Кремльмен кіндігі байланып қалған биліктегілердің бос жалтақтығы мен құлдық психологиясы көзге ұрып тұр.

Осындайда түпкі мақсатын ел түсінбейтін біртүрлі реформалардың екінші қырына үңілетін әдетім бар, – дейді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 Жолымбет алғашында “үштұғырлы тіл” саясатын орыс тілін бірте-бірте қолданыстан шығарып, оның орнына альтернатива сияқтанған ағылшын тілін енгізуді көздейтін жоспар деп ойлаған екен.

– Себебі,

орыс тілін қоғам өмірінен бірден алып тастауға орыстар емес, мәңгүрттенген қазақтардың өзі бірінші болып қарсы шығады.

Орыстар соларды қолдап қана отырады. Егер олар қарсы болмаса, басқа отандастарымыз мұндай реформаларға түсіністікпен қарар еді, – дейді ол.

Алайда бәрі ол ойлағандай болмаған екен. Журналист өзінің қателескенін мойындайды. “Үштілділік” деген реформа ұлтсызданған идеологиямен уланған министрлердің кезекті шатпағы екеніне көзі жетіпті.

– Жарайды, барлығы мен ойлағандай болсын дейік. Егер бұл реформалар тура осындай жақсы жоспармен жасалғанда, оны қолдай кетуге халық дайын ба? Қалай қолдауы керек? Ол үшін

өзін қазақ санайтын арлы азаматтардың барлығы баласын қазақ мектебі мен қазақ балабақшасына беріп, қоғамда қазақыландыру процесіне деген “қажеттілік” тудыруы тиіс.

Сонда орыс мектептері мен балабақшалары босап қалып, кейін олардың көбі қазақ мектебі болып қайта ашылады.

Бұл арада журналист турасын айтқан. Баласын орыс мектебіне беретін қазақтардың саны азаймағанын көріп те, біліп те жүрміз. 

– Қай ұлттың тілінде сөйлейтін болсаң, бәрі бір сол ұлттың дүниетанымы мен болмысынан асып кете алмайсың. Орысқа тиген қазақ қызы қазақ қызы болудан қалып, орыс атанып шыға келеді. Өйткені, қай ұлттың баласына ана болсаң, өзің де сол ұлттан болып саналасың. Орысша сөйлейтін қазақ ұлтшылы (патриоты) деген ұғым да дәл осы секілді құлдық психологиядан туған дүбәра тіркес екенін ұғатын уақыт туды.

Қазақтың патриоты қазақша ойлап, қазақша ғана сөйлеуі тиіс!

– депті Жолымбет Мәкіш. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз