Кәмшат Жолдыбаева түрікке тұрмысқа шығып кетті ме?

3 068 просмотров

Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде кезекті фотосын жүктеймін деп біраз табынушыларын алаңдаттырып қойды. 

Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Жұрт оны той көйлегіне ұқсас киіммен түрік жігітінің қасында түскен фотосына қарап, тұрмысқа шығып кетті деп ойлаған.

 «Ұзату екен деп қалдым ғой», «Мен сізді ұзатылып жатыр ма деп ойлап қалдым», «Кәмшат шетел азаматына тұрмысқа шығыпты деп ойлаппын», «Күйеуге шығып жатқандайсың», «Соған күйеуге тиіп кетпеші енді», — деп жазған желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылардың бірталайы түрік азаматын алғашында Илья Ильинге ұқсатқандарын да жасырмады.

Дегенмен, әнші бұл фото тойдан емес, концерттен түсірген болып шықты.

«Бүгінгі концертті менімен бірге жүргізетін жұбым, Түркия елінің арнайы қонағы — Синан Дорук мырза мені осылай гүл шоқтарымен қарсы алды», — деп жазған әнші фотосының астына.

Загрузка...