Ислам Кәрімовтің құттықтауын тележүргізуші оқыды

93 просмотров

Өзбекстан телеарналарының бірінде тележүргізуші ел президенті Ислам Каримовтың Тәуелсіздік күніне арналған құттықтауын оқып берді. Каримов 31 тамыз күні Тәуелсіздік күніне арналған мерекелерік шараларға қатысқан жоқ.

Бұл туралы Азаттық жазады.

28 тамызда Ислам Каримовтың әлдебір сырқатпен ауруханаға түскені туралы хабарланғаннан бері оның денсаулығы туралы ресми ақпарат жоқ. «Фергана» агенттігі 30 тамызда белгісіз дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың «қайтыс болғанын» хабарлаған. Бірақ басқа ақпарат құралдары, оның ішінде ресейлік агенттіктер Каримовтің әлі «тірі екенін» жазды.

Лола Каримова-Тилляева Instagram-да әкесінің «миына қан құйылып, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын» және «жағдайы бірқалыпты екенін» жазған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльге Каримовқа қатысты жаңа ақпарат түспегенін және Мәскеу үшін Өзбекстан президентінің жағдайы туралы пікір беру «жөнсіз болатынын» мәлімдеген.

E9602612-9581-4E8A-A8F5-CD18F09523B0_w987_r1_s

Copyright (c) 2013. RFE/RL, Inc. Reprinted with the permission of Radio Free Europe/Radio Liberty, 1201 Connecticut Ave., N.W. Washington DC 20036.

Загрузка...