Әннің аты – “Аршавиным-ау”. Орындаушылар – Қазақстан әзілкештер клубының мүшелері: Нұрсұлтан Зайкенов, Дидар Жексеков және Нұрмұхан Мұқанұлы. Әннің әуені “Ханшайымым” хиті желісімен орындалады. Бірақ өлең жолдары мадақтан гөрі сын-пікірге толы.
“Сені матчтағы есеп емес, банктегі есеп қызықтырады” – дейді жастар.
Биыл ақпанда Аршавин “Қайратпен” келісімшартқа отырған 34 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы соңғы рет “Кубань” сапында доп тепкен. Аршавин алматылық клуб қатарында 28-ші нөмірмен ойнап жүр.
Жалпы, ресейлік танымал футболшының келуіне қатысты қоғам пікірі екіге жарылады. Бірі „кәсіби футболшының ел чемпионатына келуі дұрыс„ десе, бірі “Қайратқа” оның еш пайдасы жоқ„ деп санайды.