Германия, Франция және Польша Донбастағы шиеленісті шешу үшін күш салуға шақырады

20 просмотров

Германия, Франция және Польша елдерінің сыртқы істер министрлері Украинадағы шиеленісті шешу үшін халықаралық күштерді қолдануға келісті. Бұл жөнінде Германия СІМ Франк-Вальтер Штайнмайер 28 тамызда Веймарде Франция және Польшадағы әріптестерімен кездескеннен кейін мәлімдеді деп хабарлайды радио Свобода.

Штайнмайердің сөздерінше, қазіргі уақытта Донбастағы шиеленісті шешу үшін 2015 жылы қол қойылған Минск келісімінің орындалуы жақсы нәтиже беріп отырған жоқ. «Біз жағдайды реттеуге жұмыс істеуіміз керек», – деді ол.

Германия сыртқы істер министрі Батыс өкілдері Киевпен және Мәскеумен Минск келісіміне қатысты келіссөз жүргізгенін, оның ішінде басып алынған аймақтарда жергілікті сайлау өткізу мәселесі де айтылғанын атап өтті.

Украинаның шығысында қарулы шиеленіс 2014 жылдың сәуірінен бері жалғасып келеді. Украина билігі онда Ресей қолдау көрсетіп отырған сепаратистерге қарсы антитеррористік операция жүргізетінін мәлімдеді.

Ресей билігі болса Украина шығысындағы әскери шиелініске қатысымыз жоқ деп бірнеше рет мәлімдеді. Бірақ Мәскеу Донбасқа ресейлік «еріктілер» ғана барып жатыр дейді. БҰҰ мәліметінше, Украина шығысында кикілжің басталғалы бері 9,4 мың адам қайтыс болып, 21 мың адам жараланған.

Загрузка...