Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Геннадий Головкин: «Брук? Мен оны тоқпақтап тастаймын»

«Бұл жаттығу лагері өзгеше болды, – деді Головкин. – Менің бапкерім Абель Санчес жаңа стратегия, жаңа стиль ойлап тапты. Онда барлығы жылдамдыққа келіп тіреледі. Бұл мен үшін аса қиын емес. Абель барлық уақытты қамтитын және сот төрелігіне дейін жететін жұдырықтасуға дайындалу керектігін айтуда. Ол маған ең үздік үш спарринг серіктес таңдап берді. Брук – көп қозғалатын, өте жақсы боксшы, онымен жекпе-жекке шығып, тамаша тәжірибе жинағалы тұрмын. Бірақ, менің алдыма келсе, бәрі бітті деген сөз. Мен оны тоқпақтап тастаймын. Егер ол жақсы қозғалса, 8-10 раундқа созылуы мүмкін. Бірақ, бәрібір төрешілер төрелігіне жетеді деп ойламаймын. Өз стратегиямды түсініп, нақты шешім қабылдау үшін маған бірнеше раунд жеткілікті».

0324111001453856136_filepicker

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз