Францияда жеті мыңға жуық жолаушы пойызда түнеді

22 просмотров

Францияда Париж-Бордо теміржолында жеті мыңға жуық жолаушы компьютерде шыққан ақаулық салдарынан пойыздардың вагондарында түнеуге мәжбүр болды, деп хабарлады BFMTVтелеарнасынан.

655

«Бағыттама құрылғының дабылқаққышы істен шығып, соның салдарынан пойыз бұл аймақтан өте алмады», — деді теміржол басқармасының қызметкері Филипп Моли.

Оқиға салдарынан үш жүрдек пойыз бағытқа шықпады. 13 пойыз стансаларда және жолда қалып, қозғалыстың жандануын күтуге мәжбүр болды.

Загрузка...