Есіктегі зорлау оқиғасына қатысты жаңа деректерді жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова айтып берді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Сот-медициналық сараптамалардың қорытындысында Жібектің дене жарақаттары болғаны расталды. Оны зорлап жатқанда ұрып-соққан. Биологиялық сараптама сотталушылардың жәбірленушімен жыныстық байланысқа түскенін жоққа шығармайтынын көрсетіп берді. Қазіргі уақытта молекулярлық-генетикалық сараптаманы күтіп отырмыз”, – деді Омарова.
Еске салайық, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны қызы Жібек Мусинованы төрт ер адамның зорлап кеткенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қызын 14 тамызға қарағанда белгісіз біреулер зорлаған. Бұл оқиға қыз бен оның бауырының кафеде мерекені тойлаудан шыққан кезінде болған. Төрт жігіт қыздың бауырын ұрып-соғып, қыздың өзін күштеп көлігіне отырғызып, алып кеткен.
Қылмыстық істе күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар, олардың бірі Алматы тұрғыны. Қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген адамдарға Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағу қарастырылған. Алматы облыстық ІІД өкілдері төрт күдіктіге зорлау, адам ұрлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және бұзақылық баптары бойынша айып тағылып отырғанын атап өтті.