«Ешкімді ұқпаймын». Путин Сирияда ресейлік әскери базалар орналастыруға көшті

115 просмотров

Ресей президенті Владимир Путин Сирия территориясына ресейлік әуебазаны мерзімсіз орналастыру келісімін ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл жөнінде Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости агенттігі хабарлайды. Алдында бұл құжатты Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесінің мүшелері қабылдаған.

Келісімде әуебазаның Дамаскінің өтініші бойынша Латакиядағы Хмеймим әуежайында орналастырылғаны жазылған. Бұл әуе базасын Ресей ақысыз пайдаланады.

Федерация кеңесінің халықаралық комитет басшысы осыған дейін Сириямен келісім үшінші мемлекеттен қорғану үшін жасалмағанын айтқан. Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Озеров болса Ресейдің әуебазасын орналастыру Сириядағы тұрақтылықты сақтауға арналған үлесі деп атады.

00250a86-897d-4706-81d2-f8fc972d1155_w987_r1_s

 

Загрузка...