Ертіске батып кеткен ер адамның денесі табылды

93 просмотров

Марқұмның денесі 16 қыркүйек күні түстен кейін оқиға орнынан бес шақырым қашықтықта өзеннің төменгі жағынан табылды.

Ертіс ауданының Северное ауылында 10 қыркүйек күні 61 жастағы ер адам Орловка өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметінше, марқұмның денесі 16 қыркүйек күні түстен кейін оқиға орнынан бес шақырым қашықтықта өзеннің төменгі жағынан табылды.

— Ол шомылуға арналмаған орында белгісіз жағдайда көз жұмған. Ер адамды іздестіруге төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару қызметінен екі адам мен бір техника бірлігі жұмылдырылды, — дейді баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, өткен аптада Павлодар қаласына іргелес жатқан Долгое ауылынан ер адамның мүрдесі табылған. 43 жастағы тұрғынның Ертіс өзенінде балық аулап отырған сәтінде қайығы аударылып қалған.

Загрузка...