14 жылға соталған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Бүгін апелляциялық сот сондай шешім шығарды. Ермегиевяпен бірге үкіммен келіспеген оның сыбайластары да жазасын түрмеде толық өтемек.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Тергеу материалдарын жіті оқып шыққан судья сотталғандардың бірінің де жазасын кеміткен жоқ.
Сот топ-менеджердің бірнеше компаниядағы үлесін бұғаттап, жер учаскелері мен қымбат коттедждерін тәркілеп алды. Негізі атышулы процес бойынша, 20 шақты адамға айып тағылған еді. Алайда олардың тең жартысы кінәларын мойындап, жеңіл жазамен құтылып кетті.