“Орда” тобының белді әншісі Ерболат Беделхан ыңғайсыз жағдайға қалды.
Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде “әншінің көгілдір жігітттерді жақтап, “қызтекелерге” қолдау білдірген-мыс” жазбасы тарап кеткен болатын (төмендегі сурет).
Шыны керек, аталған жазбаға қарап отырып Ерболат бұл пікірін еліміздегі ақпараттық сайттардың бірінде жариялады деген ойға қалғанбыз.
«Олар адам гей болсада, біз оларды қоғамнан шеттетпеуіміз керек, оларда өмір сүруге ақысы бар, мен оларды қашанда қолдаймын және демеу боламын, Қазақ жастарына айтарым қызтеке болғанда тұрған ештен жоқ бастысы мирімді болындар дер ем (орфографиясы сақталған)», – делінген екен жазбада.
Алайда аталған дүниенің арандату екені байқалған еді. Желіде тарап кеткен жазбаға қатысты ақыры Ерболат Беделханның өзі пікір білдіріпті.