Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты іс ақыры сотқа жетті

73 просмотров

Астанада Ерасыл Әубәкіровтың жантүршігерлік өліміне қатысты іс ақыры сотқа жетті.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Апта бойы том-том материалдарды жіті сараптаған прокурорлар бүгін оны құзырлы орынға жіберген екен. Енді атышулы процеске судья таңдалып, көптің күдігін туғызған істің құпиясын ашуы тиіс.

Медицина университетінің 23 жасар студенті Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі ақпан айында қала сыртынан табылған еді. Кейін жігітті  32 жастағы Аян Мейірбаевтың азаптап жатқанын көрсететені видео пайда болды. Мейірбаевтың қолына кісен салынғанымен, әрекетінен қылмыс ізінің табылмауына байланысты оны Ішкі Істер министрлігі босатып жіберген.

Енді ол өскемендік кәсіпкер әкесімен бірге сотқа жәбірленуші ретінде қатыспақ. Тергеу материалдарына қарағанда, әкелі-балалы Мейірбаевтардан ақша бопсаланған көрінеді. Қазір Әубәкіровтің өліміне басты айыпталушы ретінде қамауда Нұрбек Әжімбай, Андрей Тихоненко және Виталий Шерстенев отыр. Бірақ күллі елді дүрліктірген оқиғаға қатысты сот жабық өтуі мүмкін.

Загрузка...