БҰҰ Бас хатшысы зорлық-зомбылықтан аулақ, салауатты отбасы құру бастамасына әлемнің барлық үкіметтерін қызу атсалысуға шақырды. Оның ішінде ер адамдарға декреттік демалыс беру ұсынысы қызу талқыға түсті.
«Үкімет отбасының маңызды рөлін жан-жақты қолдауы керек. Олар репродуктивті денсаулықты қорғау саласындағы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, сол арқылы ата-анаға отбасын ұлғайту үшін тиімді уақытты айқындауда көмек көрсетулері тиіс. Жаңа туған сәбидің бақытты балалық шағын қамтамасыз етуде ананың денсаулығын ескере отырып, отағасына да декреттік демалыс беру мүкіндігін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады», – деді БҰҰ Бас хатшысы.