Елуді еңсерген, алпысты алқымдаған азаматтар үшін жұмыс жоқ.
Екі қолға бір күрек іздеп жұмыссыздар жәрмекесіне келген ақтөбеліктердің пікірі — осындай деп хабарлады Аktobenews.kz.
Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ұйымдастырылған бос жұмыс орныдарының жәрмеңкесіне үмітін арқалап келген ақтөбелік Асқар Әлиев жұмыс таппай жүргеніне көп болғанын айтады.
— Жасым елуден кетті. Жұмыссыз жүргеніме көп болды. Сегізінші рет өтіп жатқан осы жәрмеңкені аңдып жүріп қатысамын. Бірақ, әлі күнге өзіме лайықты жұмыс таппадым. Тапсам менің жасыма қарап, алмайды, — дейді ол.
— Жақсы, маған алпысқа келді деп, жұмыс берілмесін. Ал үйде тепсе темір үзетін ұлым бар. Институт бітірді. Оған да жұмыс жоқ, — дейді қала тұрғыны.