Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

21 просмотров

Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен орталығында күн ашық болады. Оңтүстікте желмен қоса шаңды дауыл көтеріледі, шығыста күндіз бұршақ түсуі мүмкін. 

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. 

Қазгидрометтің ақпаратынша, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысында – шаңды дауыл, күндіз найзағай жарқырап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан өңірлерінде кейбір аудандарда найзағай жарқырайды деп күтілуде. Алматы облысында жел тұрып, таулы аудандарда найзағай ойнайды.

Павлодар облысында да жел күшейеді. Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең – тұман. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...