Елімізде дизель отыны 7-тамыздан бастап қымбат бағаға сатыла бастайды

28 просмотров

Қазақстанда дизель отынының бағасы еркіне жіберіліп, қымбаттайтын болды.

Осындай мазмұнды қамтитын бұйрық ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында 4 тамызда жарияланған болатын.

Онда бұйрық шыққаннан кейін үш күннен соң өз күшіне енетіндігі айтылған, яғни 7-тамыздан бастап Қазақстанда дизель отынының бағасы қымбаттайды.

Мемлекеттік реттеу тұрғысында бағасы белгіленетін мұнай өнімдерінің тізіміне, тек АИ-80 маркалы бензин ғана енетінін баса айта кетелік.

Бұйрыққа сәйкес, АИ-80 бензинінің 1 литрі шекті бағаны сақтап, 89 теңге болып қала береді.

Осыған дейін мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда дизель отынының бағасы шамамен 115 теңге болатыны айтылған еді.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны тым арзан, сондықтан оны Ресей мен Қырғыз елі ашық шекараны пайдаланып, көптеп сатып әкетіп жатыр, сондықтан ведомства оның бағасын еркіне жіберуге мәжбүр болып отыр.

Загрузка...