Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алады

87 просмотров

«Танымал қытайлық кино әртісі әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан кинематография саласындағы ерен еңбегі үшін «Оскар» сыйлығын алады» делінген америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мәлімдемесінде.

Марапаттау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте өтеді. Гонконг тумасымен қатар ескерткіш сыйлықпен деректі фильм шебері Фредерик Уайзман, монтаждаушы Энн Коутс пен әртістерді іріктеу режиссері Линн Сталмастер марапатталмақ, деп жазады РИА Новости.

Джеки Чан 100-ден астам фильмнің басты рөлін сомдаған. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және күлдіргі бейнесімен көпшілікке танымал. 

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...