Доллар қатты қымбаттап жатыр: 1 АҚШ доллары — 359 теңге

169 просмотров

Бүгін доллар аяқ-астынан қатты қымбаттады. Қазақстан қор биржасының күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 АҚШ долларының бағамы 351,02 теңге көлемінде тұрақтады. Ал ақша айырбастау орындарда америкалық валюта 358 теңгеден сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің бүгінге белгілеген ресми бағамы 343,88 теңге екенін еске сала кетелік. Осы жағынан алғанда, бір күн ішінде америкалық валютаның бейресми бағамы 15 теңгеге бір-ақ өсті.

KASE келтірген деректерге сүйенсек, күндізгі шетел валюталары сауда-саттығында АҚШ долларының ең төменгі бағасы 348 теңге болса, орташасы — 354, 50 теңге, ал биржа жабылар кезде бұл бағам 354,40 тенгені құрады.

Алматыдағы кейбір ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары 359 теңгеден, ал Астанада 358 теңгеден сатылып жатыр.

Әзірге, доллардың күрт қымбаттауына қатысты ресми мәлімдеме жасалмады.

Загрузка...