Дмитрий Родин мен Қайрат Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

85 просмотров

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Родин мен Қайрат Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», — деп жазылған хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Родин Қызылордадан Астанаға бағыт алып, Астана әуежайына апаттық жағдайда аман-есен қонған  «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының командирі. Сол жолы алдыңғы шассиі ашылмай қалған ұшақты аман-есен қондырған Дмитрий Родин 108 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің өмірін аман сақтап қалған болатын.

 

Ал, әскери оқу-жаттығулардың бірінде гранатаның жақын маңда жарылатынын сезген полковник Қайрат Үмбетов жауынгерді кеудесімен қалқалап, сарбаздың өмірін ажалдан арашалап қалған болатын.

Рордин
Дмитрий Родин Фото: nur.kz
12
Қайрат Үмбетов Фото: khabar.kz

 

Загрузка...