Дастин Бойд өзі үшін қытайларды жапырған Дамир Рыспаевты ақтауға тырысты

84 просмотров

«Барыс» клубының хоккейшісі Дамир Рыспаев өзінің командаласы Доус-Бойд-Боченски үшін Қытай құрамасынан қарымта қайтарамын деп 20 ойыннан шеттетілді.

Ал сол кезде ауыр жарақат алған «Барыс» клубының хоккейшісіне бүгіндері ауыр ота жасалып, оның тізесіне 5 шруп пен пластикалық қақпақ орнатылыпты.

Бұл туралы Russia-Hockey.ru сайтынан хабарласқан тілшіге Канададағы ауруханада жатқан 30 жастағы «Барыс» клубының көшбасшы хоккейшісі Доус-Бойд-Боченскидің өзі мәлім еткен.

— Канададағы Виннипег ауруханасында жатырмын. Өздеріңіз білетіндей, мен 5-тамызда «Барыс» — «Куньлунь» командалары кездесуінде бортқа тықсырылып, аяғымды сындырып алған болатынмын. Мені сол арадан арбамен бірден Астана ауруханасына жеткізді. Одан кейін Канадаға жөнелтті. Осында Виннипегте пышаққа түстім. Өте ауыр ота жасалды. Енді менің тіземде 5 шруп пен бір пластикалық қақпақ бар. Тек тігінен ғана жатамын. Аяғым қатты ауырады, бірақ одан көңілім шайлығып жатқан жоқ. Дәрігерлер 3-4 ай хоккейге бармайсың деп жатыр, — дейі Дастин Бойд.

Ол өзі үшін қарымта қайтаруға тырысқан жолдасы Дамир Рыспаевтың әрекетіне қатысты да өз көзқарасын білдірді.

— Менің досым — Дамир қайталау ойынында не істегенін білемін. Бірнешеуіне бір-ақ тап бергенін де естідім. Бірақ одан зардап шеккен ешкім жоқ қой. Кеше ғана естідім, Дамирді ойындардан шеттетіпті. Мен бұл жаңалықты естігенде көңілім түсіп кетті. Әрине, лиганың шешіміне қарсы келе алмаймын. Бірақ Рыспаевқа тағайындалған жаза өте қатаң деп айта аламын. Ешкім жарақат алған жоқ қой, барлығы сапта жүр. Тек мен және Рыспаевтан басқасы. Қазақстан хоккей лигасы бірдеме ойлап тауып, жазаны жеңілдететін шығар деп үміттенемін. Дамир кешірім сұрап, хат жазды деп естіп жатырмын…, — дейді ол өз сұхбатында.

Еске ала кетелік, 8-тамызда  ҚР Президенті кубогы үшін басталған жарыс күні Астананың „Барысы„ «Куньлунь Ред Стар» қытай командасын ұтып кетті. Техникалық ұтылыс жарияланып, таблодағы есеп: 5:0 болды.

Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков бастаған жаппай төбелестен соң Қытай тарапы ойыннан бас тартты. Кейіннен осы ойында қуып жүріп, қытай хоккейшілерін сабаған әрекеті үшін Дамир Рыспаев 20 ойыннан шеттетілетіні мәлім болды.

Загрузка...