Даниярдың жарылған қабағын екі рет тіктіруге тура келді — Марат Елеусінов

424 просмотров

Жартылай финалда алған үлкен жарақаты қауіпті болса, Даниярды дәрігерлер финалға да жібермеуге қақылы болатын. Алайда финал  біздің жігіт үшін, ең басты- нысан. Сондықтан оның қабағын екі рет тіктіруге тура келіпті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Даниярдың бапкері, әрі әкесі Марат Елеусінов айтты.

«Бүгін Данияр халықтың үмітін ақтады. Сол үшін қатты қуанып жатырмыз. Мен ғана емес, бүкіл қазақ елі қуанып жатыр. Данияр менің ғана балам емес, ол бүкіл халықтың баласы», – деп атап өтті Марат Елеусінов.

Сондай-ақ, финалдағы қарсыласы мен жекпе-жек туралы да өз ойымен бөлісті.

— Өздеріңіз білесіздер! Данияр жартылай финалда үлкен жарақат алды. Қабағы тура көзінің жанынан терең жыртылып кетті.

Жыртылған жерін бір емес, екі рет тіктірдік. Финалда өте қиын болады-ау, деп қорыққанымызда жасырын емес.

Себебі, қарсыласы оның жараланған жерін көздеп соққы жасайтыны анық еді.

Сосын, біз Даниярға қарсыласын жақсылап зерттеп, өзгеше айла-тәсіл жасауды тапсырдық. Тек аяқпен жұмыс істеп, қарсыласыңа шегіне жүріп соққы жаса, бірден өзің алға ұмтылма деген болатынбыз.

Ол тапсырманы ойдағыдай орындады. Өзіне көп соққы дарытпады. Соның нәтижесінде жеңіске жетті, – деді Даниярдың әкесі.

Загрузка...