Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Блогердің бәрі журналист емес! Екеуінің арасын заңды түрде ажырату керек – сарапшы

Негізінен, бұл арада әлеуметтік желі мен мессенджерлер сынды интернет ресурстар туралы сөз қозғалып отыр. Алайда „гайкісін мықтап бұрайық„ деген процедураны қолдаушылар түсінікке келгенде қатты шатасады. Олардың көбісі интернетте жазатындардың барлығын блогер деп санайды. Ал мұндай пайым қате ғана емес, сонымен қатар өте қауіпті” деп жазады ол.

Осыған байланысты ол салалық заңнамаға қандай да бір өзгерістер енгізбестен бұрын термин мен түсінік тұрғысынан интернетте „кімнің кім екенін„ анықтап алуды ұсынады.

“Мысалы, әлеуметтік желі деген не, соны нақты түсініп алайық. Оны кім, қалай пайдаланады дегендей, өйткені бұған көп нәрсе байланысты. Интернеттің бұл кеңістігінде белсенді қолданушылар ғана емес, сонымен қатар басқалар да бар, оларды блогер деп санауға болады, бірақ желіні оқырманмен тікелей байланыс ұстау үшін алдын ала хабарлау алаңы ретінде қолданатын кәсіби журналистер де бар.

Онлайн басылымда жұмыс істейтін интернет журналист дегендер де бар. Олар әлеуметтік желілерді өз жұмысын алға жылжыту үшін пайдаланады. Қазіргі жағдайда заңды түрде, ең құрымағанда, түсінік тұрғысында кәсібилерді интернетпен жұмыс істеушілерден және блогерлерден ажыратып алудың уақыты туып тұр” – дейді ол жазбасында.

Оның пікірінше, “блог деген – жеке, баламасыз пікір. Кәсіби журналистердің білімі, білігі, тәжірибесі бар. Сондықтан олар эмоцияға ерік бермей, жан-жақты таразылап пікір қалдырады. Олар жауапкершілік дегеннің не екенін біледі, сондықтан заңнамаға жазалаушы өзгеріс енгізуді олар қажет етпейді, өйткені онсыз да жазылған-жазылмаған талаптың барлығын сақтап келеді” – дейді журналист-блогер Денис Кривошеев.

12074941_649871975153167_9214343606682296960_n

Денис Кривошеев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз