Біздің билік «керек кезде» керек жерге жаңбыр жауғыза ала ма?

114 просмотров

Жаңбыр жоқ болса — оны шақыруды, жаңбыр кедергі болса — оны тоқтатуды адамзат әлдеқашан меңгеріп алған екен. Керек десеңіз, ол әдісті тіпті, Қазақстан да пайдаланған. Аспандағы бұлтты басқа жаққа «айдап», қолайлы ауа-райын қолдан жасау — Астана қаласын салып жатқан жылдары қолданылған, бірақ ол өте қымбат тұрады. Бұл туралы кaz.365 info.kz тілшісіне өз атын атамауды жөн санаған гидромет саласының бір маманы айтты.

Біз бұл жайтты анықтамақ ниетте Қазгидромет қызметіне хабарласқанда, ондағылар бұлттарды қуалаумен айналыспайтынын, ондай фактіні тіркемегендері туралы айтты. Алайда олар бұлтты қуалайтын тәсілдің барын, оның шет мемлекеттерде қолданылатынын растайды.

14выпвпыввыыв

Расында, әлемде бұлттарды қуалау қызметі бойынша Ресей ең үздіктердің қатарында. Осы тәсілдің  авторлары да — РФ мамандары. Чернобыль апаты орын алғанда кеңес үкіметі мамандарға ол маңға жауын-шашынның түспеуін қамтамасыз етуге бұйрық береді. Міне, осыдан бастап бұл тәсіл жыл өткен сайын жетілдіріліп келеді.

Ал қазір ол ақылы қызмет түріне де айналған.

Сондықтан Ресейде бұлттарды қуалау туралы ақпараттар өте ашық.

Әрине, оның жарнама рөлін атқарары сөзсіз.

«Бұлт қуалағыш ұшақтардың биіктікке көтерілуі бірнеше миллион рубльды құрайды, яғни, орташа шамамен ол бюджетке 2,5 миллион доллар шығын әкеледі» делінеді ресейлік yoki.ru сайтында.

Осы тұрғыдан алғанда, елімізде бұл ақпараттың ашық болмауы түсінікті де секілді.

«Бұлттарды қуалау тәсілін Росгидромет мамандары 1990 жылы жасап шыққан. Ол 1995 жылдан бері пайдаланыла бастаған. Мысал үшін, осы тәсілдің жемісті нәтижесіне әлем Жеңістің 50 жылдық мерейтойын тойлау кезінде куә болды. Одан кейін, 1998 жылы Бүкіләлемдік балалар ойынында және Мәскеу қаласының 850 жылдық мерейтойын тойлауда қолданды» деп жазады ресейлік басылымдар.

Бұлттарды қуалау тәсілін мамандар «себу» деп атайды екен.

Бұлттың төменгі қабатына арнайы ұшақпен мамандар суық мұз бен бұлтқа қарсы — сұйық азот себеді. Ал йоды бар күміспен қою қара бұлттарды атқылайды. Бұлтқа тиген бұл реагенттер өзінің бойына бұлттың суын жинайды. Сөйтіп, жаңбыр діттеген жеріне жетпей жолда барлық «суын» төгіп тастайды.

Бұлттарды қуалау мен нөсер жаңбырдың арасында тығыз қарым-қатынас бар екен. Өйткені бір жерден қуаланған бұлт басқа жерге ығысып барып , қатты жауын-шашын жаудырады. Сондықтан мамандар табиғаттың дегеніне қарсы келмеуге кеңес береді.

Бұл тәсілдің Қытай Халық Республикасында да қолданылатынын айта кетелік. Демек, Қазақстан аумағындағы толассыз нөсерге көршілердің қуған бұлттарының әсері болуы әбден ықтимал.

Мына бейнежазбада ресейлік арнаның «Галилео» бағдарламасында бұлтты қалай қуалайтыны жілік-жілігіне шағып түсіндіріледі.

Загрузка...