Бес күндікке көшкенде сенбіні қосымша білім алуға арнауымыз керек — Шимашева

59 просмотров

Сабақтың алты емес, бес күн болуы оқушылар үшін қосымша білімнің қажеттігінен туындады.
Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының жетекшісі Рахат Шимашева мәлімдеді деп хабарлады ҚазАқпарат.

— Бес күндікке көшкен кезде сенбі оқушылар үшін қосымша білім алатын күн болуы керек. Бұл оқушылардың сабақтан тыс басқа іспен шұғылдануына мүмкіндік бермек. Осы мақсатта үйірмелер мен спорт секцияларын мектеп жанынан көптеп ашып, жұмысын жандандыру қажет, — деді Шимашева Алматы қаласындағы тамыз кеңесінде.

Оның айтуынша, қазір сапалы білім беру үшін инклюзивті білім беруді дамытуға айырықша мән беріліп жатыр.

Еске сала кетелік, биыл 1-сынып оқушылары оқудың 5 күндігіне көшеді.

Загрузка...