Бергейдің «банкирлері» шетелге жарты миллиард доллар алып кеткен

109 просмотров

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бүгін баспасөз өкілдерімен кездесу өткізіп, шетел асып кеткен қазақ қаржысы туралы айтып берді. Әңгіме барысында бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтың сыбайластары жымқырған қаржы да сөз болды.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

 «Мысалы үшін айтайық, бұнда тергеу амалдары жүріп жатқанда, Атырау облысының бұрынғы әкімінің есепшілері, ұрланған жарты миллиард доллар ақшаны шетел асырып үлгерген. Өздері де қашып кетіп, қазір Англияда тып-тыныш өмір сүріп жатыр», — деді Жақып Асанов.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев мемлекеттің ақшасын жымқырды деген айып тағылып, 2014 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Негізгі жауапты тұлғалар нақты ұсталмағанымен, сырттай сот болып, жаза кесілген болатын. Алайда, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев те, оның ағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиев те күні бүгінге дейін халықаралық іздеуде.

online

 

 

Загрузка...