Баян Есентаева Facebook-ке қыз кезіндегі тегімен қайтадан Мухитденова деп тіркелді. Ал Instagram-дағы аты-жөнін Баян Мақсатқызы деп өзгертті.
Қазір Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі Талдықорған қаласында өтіп жатыр. Сот отырысына Баян қатыспады. Оның орнына ол Үндістанға кетіп, сол жақта ем қабылдап жатыр.
Сот әділ қазылар алқасының төрелігімен өтеді. Әзірге, әділ қазылар әлі іріктеліп алынған жоқ. Олар Есентаевтың әйелін өлтірмек болған-болмағанын шешетін болады.
Еске сала кетелік, Бақытбек Есентаев 10-шілдеде әйелі Баянға қызғаныштан тап беріп, өлімші етіп сабаған. Бірнеше сағатқа созылған тепкі кезінде Есентаев әйеліне пышақ салып, бас-көзіне қатты зақым келтірген.